Тараз тұрғынының пәтерінен 17 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен (ВИДЕО)

/
Тараз тұрғынының пәтерінен 17 млн теңгенің алтын бұйымдарын ұрлап кеткен (ВИДЕО)
Polisia.kz

Тараз тұрғынының пәтерінен 30-дан астам алтын бұйым, гаухар тастарын және 830 мың теңге көлемінде қаражатын ұрлап кеткен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Күдіктілер пәтерге үйде ешкім жоқ кезде келіп, есіктің құлпын бұзу арқылы кірген. Қолды болған ақшаның арасында қырғыз сомы, еуро, қытай юані болған.

Жалпы келтірілген шығын көлемі 17 миллион теңгеден асқан. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері екі ер адамды анықтады. Ұсталғанның бірі Түркістан облысының тұрғыны.

Тінту кезінде күдіктілердің әрқайсысынан айғақ заттар табылған. Олар кейбір бұйымдарды сатып үлгерген. Қазіргі уақытта аса ірі мөлшерде жасалған ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары