Астанаға шетелден келетін емделушілер көп

Әзербайжаннан келген қонақ­тар­дың бірі, медициналық агент­тік ди­ректоры Камала Гулиева Ас­та­наның медициналық әлеуетін, қыз­мет көрсету сапасы жоғары баға­лады.

Астанаға шетелден келетін емделушілер көп

Астана қаласы әкімдігі мен Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы бірлесіп ТМД елдері және ҚХР дәрігерлері мен медициналық агенттеріне арналған ақпараттық тур ұйымдастырды. Екі аптаға созылған іс-шара елорданың медициналық туризмін дамытуға үлес қосады.  

Ақпараттық турдың басты мақсаты – медициналық туризмді дамыту ар­қылы қаланың медициналық ұйым­дарын ілгерілету, медициналық қызмет көр­сетудің негізгі бағыттарын та­ныс­тыру, әртүрлі елдердің медициналық ма­мандары және агенттерімен серік­тестік байланыстар орнату және ын­ты­мақтастықты нығайту. Сондай-ақ тур қатысушыларды қаланың ең үздік ме­дициналық мекемелерімен, негізгі ме­дициналық қызмет көрсету бағыт­тарымен таныстыруға және қаланың туристік инфрақұрылымын көрсетуге бағытталған.
Жалпы, Астана қаласының ме­дициналық әлеуеті жоғары. Қалада заманауи медициналық тех­но­логиялармен жабдықталған көптеген ал­дыңғы қатарлы медициналық ме­кеме орналасқан. Олардың қатарында UMC корпоративтік қоры, Ұлттық ба­лаларды оңалту орталығы, Ұлттық ней­рохирургия орталығы, Ұлттық ғы­лыми онкология орталығы, ҚР Пре­зи­денті Іс басқармасы ауруханасының, Ха­лықаралық UMIT томотерапия он­ко­логиялық орталығының, Green Clinic, Razzak Residence Clinic, Doctor Dent, Callisto Beauty Clinic, Tulip Medicine сияқты ұйымдардың жұмысымен жете танысты. Негізінен, бұл мекемелер онкология, кардиохирургия, нейро­хи­рургия бағытында үздік емдеу шара­ла­рын ұсынады. Сондай-ақ экстра­кор­порал­дық ұрықтандыру (ЭКО) және ба­лаларды оңалту бағдарламаларын, ем­деу процестерін үнемі жетілдіріп оты­рады. Сонымен қатар заманауи диаг­ностика және емдеу құралдарымен жаб­дықталған. Мысалы, UMIT Ха­лық­аралық томотерапия онкологиялық ор­­талығы ең соңғы технологияларды қол­­данады. Экстракорпоралдық ұрық­тандыру бағдарламалары үшін қажетті заманауи технологиялар мен жабдық­тар бар. Аталған тур барысында шетел­дік емделушілерге ұсынылатын қызмет түрлері таныстырылып, жан-жақты мәлімет берілді.  
Әзербайжаннан келген қонақ­тар­дың бірі, медициналық агент­тік ди­ректоры Камала Гулиева Ас­та­наның медициналық әлеуетін, қыз­мет көрсету сапасы жоғары баға­лады.


– Бізді Астана қаласының әкімдігі мен Ин­вес­тициялар және кәсіпкерлікті дамыту бас­қармасы арнайы шақырды. Қа­зақ­стан шетелден медициналық ту­рис­тер қа­былдауға сақадай сай екеніне кө­зім жетті. Өзім науқастарды шетел­дер­де ем­делуге жіберумен айналы­са­мын. Ас­танада көптеген емдеу меке­ме­сі­нің жұ­мысымен танысқанымда, олар­дың за­манауи талаптарға сай тех­но­ло­гия­­лар­мен жабдықталғанын көрдім. Әсі­ресе, онкологиялық орталық жұмы­сы­ның жоғары деңгейде екенін айтқым ке­леді  және орталыққа шетелдік нау­қас­тар­ды жіберуге әбден болады, – деді ол.


2023 жылғы статистикаға сүйенсек, шет­елдік емделушілер арасында Қа­зақстан медицинасына қызығушылық артқан. Әсіресе, кардиохирургия, ней­рохирургия, стоматология, балаларды оңалту және репродуктология саласы сұранысқа ие. Мысалы, қытайлықтар ЭКО (экстракорпоралдық ұрықтан­дыру) бағдарламасына жиі жүгінеді екен. Бұл ЭКО-ға сұраныстың әлем бойын­ша да жоғары екенін және осы қызметті ұсынып отырған отандық ме­ди­цина саласында қызмет көрсету са­пасына сенімділіктің жоғары екенін көр­сетеді. Осылайша, Астана меди­ци­налық туризмнің танымал орта­лық­тарының біріне айналып келеді. Елорда шет­елден келетін емделушілерді қа­был­дауға және олардың қажеттілік­те­рін қанағаттандыруға дайын. Бұған ме­­дициналық қызметтердің қолже­тім­ділігі де себеп. Сондай-ақ қалада ме­ди­циналық туризмге бағытталған инф­ра­құрылым жақсы дамыған, оған қоса турист­ік және демалыс орындары да бар.