Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырған адам қамауға алынған жоқ – ол үйқамаққа жіберілді, деп хабарлайды turkystan.kz қалалық прокуратураға сілтеме жасап.
"Қайрат Нұртастың Шымкенттегі концертін ұйымдастырушысын қамауда ұстауға тергеу соты санкция беруден бас тартты. Күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Прокуратура сот қаулысына наразылық білдіреді", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.