Қазақстандық дзюдошыға қатысты қуанышты хабар белгілі болды

/
Қазақстандық дзюдошыға қатысты қуанышты хабар белгілі болды
olympic.kz

Қазақстандық дзюдошы Шерзод Давлатов Халықаралық дзюдо федерациясының жаңартылған әлемдік рейтингінде үздік ондыққа кірді, деп хабарлайды turkystan.kz.

60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін отандасымыз бірден 15 сатыға жоғарылап, 3263 ұпаймен 9-орынға жайғасты.

Рейтингтегі мұндай өсімге Давлатовтың Бакуде өткен әлем чемпионатындағы нәтижесі әсер етті. Ол аталған додада финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды.

Әлем чемпионатының шешуші белдесуінде қазақстандық спортшы әзірбайжандық Ахмад Юсифовке есе жіберді. Нәтижесінде Давлатов 60 келі салмақта әлем біріншілігінің күміс медалін иеленді.

Биылғы маусымда Шерзод Давлатов бірнеше халықаралық жарыста тұрақты нәтиже көрсетті. Ол Астанада өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қола жүлде алып, Прагадағы European Open жарысында чемпион атанған.

Қазіргі таңда Қазақстан құрамасы сапында әлемдік рейтингте ең жоғары тұрған дзюдошы – 81 келідегі Абылайхан Жұбаназар. Ол 7-орында, ал Давлатов 9-сатыда тұр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар