Маңғыстау облысында ысталған балық жегеннен кейін ботулизм диагнозымен ауруханаға түскен үш науқас емін аяқтап, үйлеріне шығарылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы хабарлаған.
Оқиға 17 қыркүйекте Мұнайлы ауданында болған. Отбасылық дастарқан кезінде төрт адам салқын әдіспен ысталған балық жегеннен кейін өздерін жайсыз сезінген.
Кейін олардың барлығы Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізіліп, ботулизм диагнозы қойылған.
Науқастардың үшеуі ем қабылдап, жағдайы жақсарғаннан кейін ауруханадан шығарылды.
Алайда осы жағдайдан кейін ауруханаға түскен 9 жастағы бала 6 қазанда көз жұмған.