Өскемен қаласындағы студенттер жатақханаларының бірінде өрт болды. Жалын ғимараттың тоғызыншы қабатындағы бөлмелердің бірінен шыққан, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 30-шы гвардиялық дивизия көшесінде орналасқан жатақханада болған.
Өрт шамамен 16 шаршы метр аумақты шарпыған.
Жатақхана әкімшілігі тұрғындарды қауіпсіз жерге эвакуациялаған.
Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жалынды дер кезінде сөндіріп, оның басқа бөлмелерге таралуына жол бермеген.
Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.