«Менің тек бүгінім мен келешегім бар»: Дариға Бадықова күтпеген жазба жариялады

/
«Менің тек бүгінім мен келешегім бар»: Дариға Бадықова күтпеген жазба жариялады
Видеодан скриншот

Актриса Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында өткен өмірі мен болашаққа деген көзқарасы туралы жазба жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі өткен өмірін әнге арнап немесе киноға айналдырып, көпшілікке жария етуді мақсат етпейтінін жеткізді.

Оның айтуынша, ол өткеніне байланып қалмай, алға жылжуды таңдаған.

«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар!

Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ Дариға Бадықова өміріне келген ерекше күннің құрметіне өзіне ән арналғанын айтты. Ол бұл туындыны жаралы жүректің зары емес, бақытқа сенген жүректің жеңісі деп сипаттады.

«Менің өткен өмірім жоқ. Менің тек бүгінім мен келешегім бар! Өйткені мен өткенімді әңгіме етуді емес, болашағымды әдемі етуді таңдаған әйелмін», – деп түйіндеді өнер иесі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары