816
Лондон тұрғыны көшеде кетіп бара жатқан бозбалаға қылыш кезеп, өлтіріп алған
36 жастағы күдіктіні полицейлер электрошокер қолданып, қамауға алды.
Лондон тұрғыны көшеде кетіп бара жатқандарға қылыш кезеп, шабуыл жасаған, деп хабарлайды turkystan.kz Euronews-ке сілтеме жасап.
Нәтижесінде 14 жастағы бозбала қайтыс болды. Тағы төрт адам жарақаттанған, оның ішінде екеуі – полицейлер.
Оқиға Лондонның шығыс бөлігінде орналасқан Хейнот аумағында болған. Автокөлік жер үйге келіп соқтығысқаннан кейін, ішінен шыққан ер адам қолындағы самурай қылышымен көшеде кетіп бара жатқандарға шабуыл жасаған.
36 жастағы күдіктіні полицейлер электрошокер қолданып, қамауға алды. Қазір полиция оның психикалық ауытқуы бар-жоғын анықтап жатыр.