Қызылорда облысының прокурорлары екі айда 40 млн теңге алимент өндірді

Екі айда 43 жалғыз басты аналардың пайдасына 40 млн теңге алименттен берешек өндірілді,

Қызылорда облысының прокурорлары екі айда 40 млн теңге алимент өндірді
Sputnik / Владислав Воднев

Қызылорда облысының прокуратурасы биыл алимент өндіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарды, деп хабарлады turkystan.kz.

Прокуратура органдарымен Әділет департаментіне және Жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасына 10 заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілді.

«Нәтижесімен биыл екі айда 43 жалғыз басты аналардың пайдасына 40 млн теңге алименттен берешек өндірілді, 64 қаскөй борышкер уақытылы алимент төлемегені үшін ӘҚБтК-нің 669-бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылды, 21 жеке сот орындаушы алиментті мәжбүрлеп өндіру кезінде өз міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілік көрілді», – делінген хабарламада.

Прокуратураның бастамасымен алимент төлеуден жалтарып жүрген 9 қаскөй борышкерге қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді, оның 4-уі қылмыстық жауаптылыққа, қалғандары бойынша тергеу жүргізілуде.

«Мысалы, борышкер Н.Н. өндіріп алушы Ж.А-ның пайдасына 2,9 млн теңге алименттен берешегін төлеу үшін жұмыссыз ретінде тіркелмей, өзінің жалдамалы жұмыстардан тапқан табысын жасырып, алимент төлеуден жалтарған», – делінген хабарламада.

Осыған орай Қармақшы ауданының прокуратурасымен Н.Н-ке қатысты ҚК-тің 139-бабымен қылмыстық іс тіркелді, соттың 06.03.2024ж. үкімімен Н.Н. кінәлі деп танылып, 1 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды.

Сондай-ақ, биыл прокуратураның бастамасымен уәкілетті органдардың қатысуында ведомствоаралық мәжіліс өткізіліп, онда әділет және полиция органдарының, жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшыларына жүйелі түрде рейдтік іс шаралар жүргізу, бос жұмыс орындарының жәрмеңкесін ұйымдастыру, алимент санатындағы атқарушылық өндірістерді ерекше бақылауға алу, қаскөй борышкерлерді қылмыстық жауаптылыққа тарту жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Орындалу жағдайын облыс прокуратурасында тоқсан сайын қарау белгіленді.

Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.