«Оскар – 2024» сыйлығының иегерлері белгілі болды

Жеңімпаздар 23 номинация бойынша анықталды.

«Оскар – 2024» сыйлығының иегерлері белгілі болды
Оскар. Фото: ua.depositphotos.com

Лос-Анджелесте 96-шы «Оскар - 2024» марапаттау рәсімі өтті.  Жеңімпаздар 23 номинация бойынша анықталды.

Негізгі номинациялар бойынша лауреаттар тізімі:

Үздік фильм – «Оппенгеймер»;

«Үздік актриса» - Эмма Стоун;

«Үздік актер» - Киллиан Мерфи («Оппенгеймер»);

«Үздік ән» - What Was I Made For? («Барби»);

«Үздік музыка» – «Оппенгеймер»;

«Екінші пландағы үздік ер адам рөлі» – кіші Роберт Дауни («Оппенгеймер»);

«Үздік шетелдік фильм» - «Зона интересов» (The Zone of Interest);

«Үздік бейімделген сценарий» - «Америкалық фантастика»; (American Fiction);

«Үздік түпнұсқа сценарий» - «Құлау анатомиясы» (Anatomie d'une chute);

«Екінші пландағы үздік әйел рөлі» - Давайн Джой Рэндольф («The Leftovers»);

«Үздік анимациялық фильм» - «Бала мен құс» (Кимитачи ва Доу Икиру ка).