3704
Тез ұйықтау үшін не істеу керек?
Тез ұйықтаудың 7 әдісі
Түнгі ұйқының маңызы зор екені айтпаса да түсінікті. Қазір ұйқысыздыққа шалдығып, дәрігерлердің көмегіне жүгінетіндер де жетіп-артылады.
Сонымен, тез ұйықтау үшін не істеу керек?
- Ұйқыға жатар алдында 1 стақан сүт немесе 1 стақан жылы суға 1 ас қасық бал араластырып ішіңіз.
- Киви – серотонин мен антиоксиданттарға бай жеміс. Ал серотонин – ұйқы циклін реттейтін мидың химиялық заты. Ұйықтар алдында киви жеген дұрыс.
- Қой санаудың қажеті жоқ. Себебі санау барысында ми белсенді жұмыс істейді. Бұл ұйықтауға кесірін тигізеді.
- Тыныштандыратын әуендер тыңдаңыз. Музыка ағзаңызға әрі жақсы ұйықтауыңызға оң әсерін тигізеді.
- Ұйықтар алдында көп тамақ жеуге болмайды. Жатардан 2-3 сағат бұрын тамақтанған жөн. Бұл уақыт аралығында асқазандағы ас қорытылып, ағза демалуға дайын болады.
- Бөлмені желдетіп алыңыз. Бөлмедегі ауа таза болған сайын, іші салқынырақ болатынын ұмытпаңыз. Бұл тәтті ұйқыға кетуге ықпалын тигізетіні сөзсіз.
- Ұйықтар алдында телефон қарауға болмайды. Смартфон көргеннен кейін сіздің миыңыз бірнеше сағат бойы демалмайды. Ақырында тыныш ұйқыға кету үшін де тағы біраз уақыт жоғалтасыз.