Астанада ер адам тамақ дайындаймын деп оқыс жағдайға тап болды

/
Астанада ер адам тамақ дайындаймын деп оқыс жағдайға тап болды
YouTube/ Riza Nurlankyzy

Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі пәтердің ішін қою түтін басып, төтенше жағдайлар қызметкерлері ер адамды құтқарды. Оқиға асүйде қараусыз қалған тамақтың күйіп кетуінен болған, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға елорданың Сарайшық ауданындағы Т. Жүргенов көшесінде орналасқан он қабатты тұрғын үйде тіркелді.

ТЖМ мәліметінше, құтқарушылар келген кезде ғимараттың екінші қабатындағы пәтерден түтін шығып жатқан. Төтенше жағдайлар қызметкерлері бірден пәтерге кіріп, іште болған ер адамды сыртқа алып шықты.

Құтқарушылар түтін басқан пәтердегі азаматты қауіпсіз жерге шығарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырған.

"Алғашқы бөлімшелер келген кезде екінші қабаттағы пәтерден түтін шығып жатқаны байқалды. ТЖМ қызметкерлері пәтерге жедел кіріп, ішіндегі ер адамды құтқарып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырды", – делінген ведомство хабарламасында.

Тексеру барысында пәтердегі түтіннің асүйде дайындалып жатқан тағамның күйіп кетуінен пайда болғаны анықталды. Абырой болғанда, түтіннен кейін ашық жалын пайда болмаған. Дегенмен жағдай адам өміріне қауіп төндіріп, құтқарушылардың араласуын қажет етті.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар