7,5 балл: Тағы бір мемлекетте жер сілкінісі тіркелді

Филиппинде 7,5 магнитудасымен жер сілкінді

7,5 балл: Тағы бір мемлекетте жер сілкінісі тіркелді
static.vkurse.kz

Бүгін Филиппиннің шығысындағы Минданао өңіріне жақын маңда 7,5 магнитудасымен жер сілкінді, деп хабарлады turkystan.kz Кazinform-ға сілтеме жасап.  

Зілзала Бутуанадан (халқының саны 309 мың) оңтүстік-шығысқа қарай 102 км, Тагбинадан (халы саны 10 600 адам) шығысқа қарай 19 км қашықтықта болды.

Жерасты дүмпуінің ошағы 63 шақырым тереңдікте орналасты.

Цунами қаупі туралы ескертілді.