Оқулықтарды еденге лақтырған мұғалімнің әрекеті дау туғызды

Ақсу қаласындағы колледжде мұғалімнің түсініксіз әрекеті видеоға түсіп қалған

Оқулықтарды еденге лақтырған мұғалімнің әрекеті дау туғызды
Видеодан алынған кадр
1320

Павлодар облысының Ақсу қаласындағы колледждердің бірінде мұғалімнің түсініксіз әрекеті видеоға түсіп қалған. Бұл дерек бойынша қызметтік тергеу басталды, деп хабарлады turkystan.kz Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Кадрда мұғалімнің оқушылар үстелінен оқулықтарды жинап алып, "сендер маған әдейі істеп жатсыңдар", "мойнымда 20 мың теңге" деген сөздермен еденге лақтырып жатқаны көрсетілген.

Видео тарап кеткен соң, колледж басшылығы мұғалімнің мінез-құлқына пікір білдірді.  

"Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі М.А.-ға қатысты видео. Педагогикалық әдеп жөніндегі комиссия қызметтік тексеру жүргізіп жатыр. Қызметтік тексеру нәтижесі бойынша шара қолданылады", - деп жауап берді Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжінің директоры Алма Айтаурова.

Серіктес жаңалықтары