1470
Қысқы дөңгелек ауыстырмағандар 69 мың теңге айыппұл арқалайды
Қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор
Жыл мезгіліне сәйкес көлігінің дөңгелегін ауыстырмаған жүргізушілерге 5 айлық есептік көрсеткіш, яғни 17 250 мың теңге көлеміндегі айыппұл салынады, деп хабарлады turkystan.kz informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Егер талап екінші рет бұзылса, айыппұл мөлшері 69 мың теңгеге дейін артады. Мамандар Алматы мен Астана сынды мегаполистерден бөлек, өзге өңірлердегі автокөлік иелері де қысқы маусымға дер кезінде дайындалуға тиіс екенін айтуда.
Қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызы зор. Қар түскенін күтпей-ақ, жазғы дөңгелектерді қысқыға алмастыру керек. Егер ауыстырмаса, қомақты айыппұл төлеуге міндеттеледі.