Ақмола облысында жоғалып кеткен студент Астанадан табылды

Жоғалып кеткен студент қыз табылды

Ақмола облысында жоғалып кеткен студент Астанадан табылды
Ашық дереккөз
1923

Ақмола облысында із-түзсіз жоғалған 18 жастағы студент қыз бір тәуліктен кейін астанадан табылды, деп хабарлады turkystan.kz Kazinform-ға сілтеме жасап.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері бойжеткенді облыс орталығы аумағынан бөлек, Астана қаласынан да іздеді.

"Тура бір тәуліктен кейін тәртіп сақшылары жоғалған студентті Астана қаласынан тауып, туысқандарына тапсырды", - деді ведомстводан.

Сонымен бірге осыдан он күн бұрын, яғни қазанның 24-де үйінен кетіп қалған Қосшы қаласындағы мектептердің бірінің 14 жасар оқушысы да астанадан табылды.

Қыз бала бұған дейін де бірнеше рет үйінен кетіп қалып жүрген.

Бұл жолы ата-анасы 9 күн өткен соң барып полициядан көмек сұраған.

Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналардан балаларына бақылауды күшейтуді және жоғалған кезде дереу полицияға хабарлауды сұрайды.

Серіктес жаңалықтары