Боранбаев түрмеден шыққан соң кәсібін жалғастыра ала ма?

Кәсіпкер қыркүйекте 6 жылға бас бостандығынан айырылған еді

Боранбаев түрмеден шыққан соң кәсібін жалғастыра ала ма?
Азаттық радиосы
1146

Қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаев жақында бостандыққа шығады. 6 жылға бас бостандығынан айырылған кәсіпкерге пробациялық бақылау қойылады. Заңгер Бауыржан Азановтың айтуынша, Боранбаев пробациялық бақылау ережелерін бұзса, қайта қамалуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz Халық үніне сілтеме жасап.

Боранбаев 2022 жылдың наурызынан бері қамауда отыр. Тергеу изоляторында отырған бір күні түрмедегі 1,5 күн деп саналады. Оның кінәсін мойындаса, қылмыстық істе жәбірленуші болса, оның барлық талап-арызының өтелсе, сот қылмыстық кодекстің 73-бабына сүйеніп босата алады. Бұл бап жиі қолданылады. Пробациялық бақылау бойынша жалпы ережелер бар. Түнгі сағат 10-нан кейін тұрғылықты жерінде болуы керек. Сол уақыттан кейін мейрамхана, қыдыратын жерлерге баруға шек қоюы мүмкін. Инспекторға қайда жүргенінен есеп беріп отырады. Бақылау барысында шетелге шыға алмайды. Сот үкімімен кәсіппен айналысуға шектеу болмаса, ісін әрі қарай жалғастыра алады, - дейді Азанов.

Серіктес жаңалықтары