Қазақстанда орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді

/
Қазақстанда орта кәсіпкерлікті қолдау күшейеді
istockphoto.com

Үкімет қолданыстағы инвестициялық саясатты қайта қарайды. Орталықтандырылған және цифрлық басқаруды енгізу, мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы функциялардың қайталануын болдырмау, сондай-ақ инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету көзделеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин баяндады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Шағын және орта бизнесті дамыту саласында ағымдағы жылдың соңына дейін Орта кәсіпкерлікті дамыту жоспары бекітіледі. Құжат кәсіпорындарды ұзақмерзімді жеңілдетілген қаржыландыруды және технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін қарастырады», — деп атап өтті Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар бақылау жүйесін қайта жүктеу және реттеудің цифрлық моделіне көшу үшін үзіліс ретінде микро және шағын бизнес субъектілерін тексеруге үш жылдық мораторий енгізудің мақсатқа сәйкестігі туралы шешім қабылданады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары