Доллар бағасы 3 теңгеге төмендеді

/
Доллар бағасы 3 теңгеге төмендеді
istockphoto.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 453,71 теңгені құрап, 3,22 теңгеге төмендеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан Ұлттық банкінің 29 қазанға белгілеген ресми доллар бағамы 457,09 теңгені құрайды.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 452,39 теңге, сату бағамы 454,3 теңге болды. Астанадағы айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 450,01 теңгеден сатып алынып, 457,01 теңгеден сатылып жатыр. Ал Шымкентте долларды сатып алу бағамы орта есеппен 452,63 теңгені, сату бағамы 453,26 теңгені құрады.

Еске салайық, 12 қазандағы күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 2,65 теңгеге, 13 қазанда 2,68 теңгеге төмендеді. 14 қазанда 2,14 теңгеге, ал 15 қазанда 2,93 теңгеге өсті. 16 қазанда доллар бағамы 1,79 теңгеге төмендесе, 19 қазанда 0,08 теңгеге жоғарылады.

20 қазанда доллар бағамы 1,79 теңгеге, 21 қазанда 1,91 теңгеге, 22 қазанда 0,36 теңгеге төмендеді. Ал 23 қазанда 2,96 теңгеге өсті.

27 қазанда доллардың орташа сараланған бағамы 3,52 теңгеге көтерілсе, 28 қазанда тағы 1,1 теңгеге қымбаттап, 457,09 теңгеге жеткен еді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары