«Алматының құрметті азаматы» атағы кімдерге берілді?

Олардың қатарында ғалым, дәрігер, суретші, қоғам қайраткерлері бар.

«Алматының құрметті азаматы» атағы кімдерге берілді?
Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
1679

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев алматылықтарды қала күнімен құттықтап, Алматының дамуына, өркендеуіне үлес қосқан 10 тұрғынды «Алматы қаласының Құрметті азаматы» атағымен марапаттады, деп хабарлады turkystan.kz.

Олардың қатарында ғалым, дәрігер, суретші, қоғам қайраткерлері бар. Атап айтқанда:

- «Дос-Мұқасан» аты аңызға айналған вокалды-аспапты ансамблі, марапатты Мұрат Құсайынов қабылдап алды;

- Оразақ Исмағұлов – көрнекті антрополог ғалым;

- Алпысбай Қазғұлов – белгілі суретші, «Қазақстан Суретшілер одағы» РҚБ мүшесі;

- Жәния Әубәкірова – Қазақстанның халық әртісі;

- Мұрат Абдушукуров – қоғам қайраткері, «Ауғанстандағы соғыс ардагерлері мен мүгедектері қоғамдық бірлестіктерінің үйлестіру кеңесі» ҚБ төрағасы;

- Сәт Тоқпақбаев – мемлекет және саяси қайраткер;

- Ғахип Уәлиев – ҚР ҰҒА академигі;

- Асқар Жұмаділдаев – ғалым-математик, ҚР ҰҒА академигі;

- Құралбек Ордабаев – ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, спорт ардагері, футболшы;

- Зәуреш Аманжолова – акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрайымы.

Серіктес жаңалықтары