Назар салыңыз: облыстық маңызы бар жолдар жабылды

Солтүстік Қазақстанда ауа райының қолайсыздығына байланысты облыстық маңызы бар жолдар жабылды, – деп хабарлады жергілікті Төтенше жағдайлар департаменті.

Айыртау, Жамбыл, Мәмлүт және Шал ақын аудандарында таңғы сағат 10-нан бастап барлық көлік түрлері үшін қозғалысқа шектеу қойылды. Өңірде ауа райы тағы да бұзылды: жел қатты соғып, бұрқасын, жауын-шашын жауып жатыр, жол көрінбейді. 112 қызметі ескерту жіберді.

Синоптиктердің болжауынша, таяу күндері өңірде ауа температурасы 0 – плюс 1-2 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Back to top button