Заң мен тәртіп: Ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті

/
Заң мен тәртіп: Ұландықтар жол апатынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетті
Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның 6654 әскери бөлімінің сарбаздары Алматы-Өскемен тас жолының Заречный шағынауданына қарасты бөлігінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен азаматтарға көмек көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға куәгері болған ұландықтар дереу апат орнына жетіп, жедел қызметтер келгенге дейін зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетуге кірісті. Әскери қызметшілер жол-көлік оқиғасы орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, зардап шеккендердің жағдайын бағалап, жедел медициналық жәрдем бригадасын шақырды.

Көмек көрсету жұмыстарына сержант Берік Сәрсенбиев, ефрейтор Шарапат Сағынов, санитарлық нұсқаушы қатардағы Нұркен Бектай, сондай-ақ қатардағы жауынгерлер Қамбар Қанабек пен Әділ Қыстықбай қатысты.

Әскери қызметшілердің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында зардап шеккендер медицина қызметкерлері мен құтқару қызметі мамандары келгенге дейін қажетті көмекті дер кезінде алды.

Айта кету керек, 6654 әскери бөлімі Алматы облысының Алатау қаласында орналасқан. Бөлімнің жеке құрамы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және құқықтық тәртіпті сақтау бойынша қызметтік-жауынгерлік міндеттерді тұрақты негізде орындайды. Сонымен қатар әскери қызметшілер төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге және азаматтарға көмек көрсетуге әрдайым дайын.

Еске сала кетейік, «Заң мен тәртіп» қағидаты — Қазақстанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен мемлекеттік саясаттың маңызды бағыты ретінде жүзеге асырылып жатқан, заңның үстемдігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған қағидат.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары