Маңғыстау көлік прокуратурасы әуеаймақ маңындағы аумақта қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын орналастыру үшін заңсыз берілген жер учаскесін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жер заңнамасын бұза отырып, бұл учаске 10 жылдан астам уақыт бойы өзінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кадастрлық құны 870 млн теңгені құрайтын жер мемлекет меншігіне қайтарылды.
Көлік прокуратурасы органдары мемлекеттік мүдделерді қорғауды және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, әуе маңындағы аймақтардағы бұзушылықтарды анықтау жұмыстарын жалғастыруда.