Жаз мезгілінің басталуына байланысты "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында Атырау облысындағы саябақтарда, жағалау аймақтарында және табиғат аясындағы демалыс орындарында қоғамдық тәртіп пен тазалықты сақтау бағытындағы жұмыстар күшейтілді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазіргі уақытта қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтар Жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы тәулік бойы бақылауда.
Интеграцияланған бейнебақылау жүйелерінің көмегімен қоршаған ортаны ластау, қоқыс тастау және абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері жедел анықталып, құқық бұзушыларға қатысты заңнама талаптарына сәйкес тиісті шаралар қабылдануда.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу және ортақ пайдаланылатын орындарды ластау деректері бойынша 2500-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген.
Полиция ескертеді: Табиғатты қорғау және қоршаған ортаның тазалығын сақтау – әрбір азаматтың азаматтық борышы әрі ортақ жауапкершілігі. Демалыс орындарында тазалық мәдениетін сақтауға, қоршаған ортаға ұқыпты әрі жанашырлықпен қарауға шақырады. Таза табиғат – келешек ұрпаққа қалдырар ең құнды мұра.