Қазақстандық жігіт АҚШ-та терроризмге қатысты күдікпен ұсталды

/
Қазақстандық жігіт АҚШ-та терроризмге қатысты күдікпен ұсталды

АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейдің ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Америкалық ведомствоның мәліметінше, арнайы операция 5 маусым күні федералдық серіктестердің қатысуымен жүргізілген. Қазіргі уақытта ер адам қамауда отыр, ал АҚШ билігі оны елден депортациялауға дайындап жатыр.

«Еламан Балтагерей елден шығару туралы түпкілікті шешім шығарылған, белгілі немесе терроризмге қатысы бар деген күдікке ілінген тұлға ретінде ұстау нысанасына алынды», – делінген ICE хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, өткен жылдың жазында иммиграциялық сот Қазақстан азаматын елден шығару туралы шешім қабылдаған. Алайда ол сот отырысына келмеген.

Сондай-ақ ICE АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін деп саналатын заңсыз мигранттарды анықтау мен ұстауға ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары