ШҚО-да заң бұзған 9 шетел азаматы ұсталды

/
ШҚО-да заң бұзған 9 шетел азаматы ұсталды
Фото: ЖИ

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан қаласында заңсыз аң аулады деген күдікпен 9 шетел азаматы және бір Қазақстан азаматы қолға түсті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметінше, заңсыз аң аулаған көліктер туралы ақпарат алдымен әлеуметтік желіде таралған.

«Бейнежазбалардағы автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлері бойынша олардың Шығыс Қазақстан облысында тіркелгені болжанды. «Охотзоопром» қызметкерлері жедел түрде қосымша ақпарат жинап, аталған көліктердің Зайсан қаласында болуы мүмкін екенін анықтады. Бұл мәліметті олар табиғатты қорғау полициясына берді», - деп хабарлайды министрлік.

Сол күні кешкі сағат 22:10 шамасында Зайсан қаласында «Охотзоопром» инспекторлары полиция қызметкерлерімен бірлесіп, бейнежазбаларға қатысы болуы мүмкін үш жол талғамайтын көлікті тоқтатқан.

«Тексеру жүргізу үшін 9 шетел азаматы мен 1 Қазақстан азаматы ұсталды. 28 қазанда аталған дерек белгіленген тәртіппен тіркелді. Қазір аталған азаматтардың заңсыз аңшылыққа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», - деп хабарлайды министрлік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар