Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогінде топ жарды

/
Қазақстан құрамасы садақ атудан Азия кубогінде топ жарды
olympic.kz

Қазіргі таңда Ирактың Сүлеймания қаласында садақ атудан Азия кубогі өтіп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Турнир аясында Қазақстан ерлер құрамасы блоктық садақ атудан командалық сайыста жеңіске жетті.

Отандастарымыз финалда Бангладеш құрамасымен кездесіп, 230:224 есебімен басым түсті.

Ұлттық құрама сапында Никита Ивлев, Павел Кузнецов, Ислам Серікұлы өнер көрсетті.

Айта кетейік, Азия кубогы 29 қазанда аяқталады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар