Алматы облысында екі дүкен өртеніп кетті

/
Алматы облысында екі дүкен өртеніп кетті
ТЖМ

Түнде Талғар ауданында екі дүкеннен өрт шықты. Өрт аумағы 256 шаршы метр болатын жерді шарпыды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өткен түні Талғар ауданының Жаңалық ауылында бір қабатты екі дүкеннен өрт шықты. Оның бірі – азық-түлік дүкені, екіншісі – жылыту қазандықтарын сататын дүкен.

Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде екі ғимараттың шатыры ашық жалынмен жанып жатқан. Өрт жедел сөндірілді. Өрттің жалпы ауданы 256 шаршы метр болды.

"ТЖМ қызметкерлері көлемі 25 литр болатын газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды, сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтап қалды", - делінген хабарламада.

Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар