Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жолданған алғашқы Жолдаудың жөні бөлек – сарапшы

/
Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жолданған алғашқы Жолдаудың жөні бөлек – сарапшы

Саясаттанушы Талғат Қалиев Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында көтерген бастамалары қордаланған көптеген мәселені шешуге серпін беретінін айтады. Маман әсіресе, Президенттің Жолдауда атап өткен экономиканы цифрландырудың маңызы зор екенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Бұл – Президенттің жаңа Конституция қабылданғаннан кейін жолданған алғашқы Жолдауы. Жаңа Конституция қабылданғаннан кейін мемлекеттік биліктің жаңа құрылымы қалыптасты. Бір палаталы парламент, Халық кеңесін құрып, жаңа басқару моделіне көштік. Жаңа құрылымға – жаңа Азаматтық кодекс керек. Мемлекет басшысының меңзегені осы. Кейінгі жылдары ауылдан қалаға жаппай қоныс аудару белең алғанын да көріп отырмыз. Бұл – әлеуметтік инфрақұрылым мәселелерін тудырып отыр. Қалада халық саны көбейген сайын аурухана, мектеп, мәдениет нысандарын көптеп салу қажет. Мұндай нысандарды ауылды жерлерде де салып, ауылдардағы өмір сапасын арттыру керек-ақ. Себебі ауылдағы өмір сапасын арттыру көші-қон процестерін бақылауға алуға мүмкіндік береді. Бұл жерде Президент атап өткен экономиканы цифрландырудың да маңызы зор. Ауылда тұратын азаматтар мегаполистердегі ірі компанияларда қашықтан жұмыс істей алатын болса қалаға көшу қажеттілігі болмайды. Кейінгі жылдары цифрландыруға көп көңіл бөлініп, қомақты инвестиция салынып жатыр. Astana Hub бар, цифрлық өнімдерді өндірушілерге қолдау көрсетіліп жатыр. Бірақ бұл жеткіліксіз болып тұр. Оған мысал – жақында Яндекске қатысты болған жағдай. Яндекс істен шыққанда қазақстандықтар такси шақыра алмай, зат жөнелте алмай қиналып қалды. Сондықтан алдағы уақытта цифрлық дербестікке қол жеткізу еліміз үшін өте өзекті болып отыр», – дейді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар