Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа сараланған бағамы 441,77 теңгені құрады. Бұл 0,23 теңгеге төмендегенін білдіреді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің 28 қыркүйекке белгілеген ресми доллар бағамы — 441,88 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пункттерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 439,5 теңгені, ал сатудың орташа бағамы 441,55 теңгені құрайды. Астана қаласындағы айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 437,14 теңгеден сатып алып, 444,12 теңгеден сатып жатыр. Шымкенттегі айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 440,31 теңгеден сатып алып, 442,38 теңгеден сатуда.
Еске салайық, 14 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,17 теңгеге төмендеді, 15 қыркүйекте 0,06 теңгеге төмендеді, 16 қыркүйекте 2,8 теңгеге төмендеді, 17 қыркүйекте 0,25 теңгеге төмендеді, 18 қыркүйекте 1,65 теңгеге өсті, 21 қыркүйекте 1,36 теңгеге өсті, 22 қыркүйекте 0,66 теңгеге төмендеді, 23 қыркүйекте 2,01 теңгеге төмендеді, 24 қыркүйекте 3,6 теңгеге төмендеді, ал 25 қыркүйекте 0,02 теңгеге өсті.