Родри, Кейн, Ямаль: «Алтын допқа» үміткерлер рейтингі жаңарды

Родри, Кейн, Ямаль: «Алтын допқа» үміткерлер рейтингі жаңарды
Фото: ferdel99/depositphotos.com

Беделді The Independent басылымы 2026 жылдың қорытындысы бойынша табысталатын «Алтын доп» сыйлығының басты үміткерлерінің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тізім басында «Манчестер Сити» клубының жартылай қорғаушысы әрі Испания құрамасының капитаны Родри Эрнандес тұр. Ол биыл жазда өткен әлем чемпионатының үздік футболшысы атанған-тын.

Екінші орынға «Баварияның» шабуылшысы және Англия құрамасының капитаны Харри Кейн жайғасты.

Үздік үштікті «Барселонаның» жас вингері Ламин Ямаль түйіндеді.

Қалған орындар төмендегідей бөлінді:

  1. Килиан Мбаппе («Реал», Франция құрамасы)
  2. Лионель Месси («Интер Майами», Аргентина құрамасы)
  3. Усман Дембеле (ПСЖ, Франция құрамасы)
  4. Эрлинг Холанд («Манчестер Сити», Норвегия құрамасы)
  5. Жуд Беллингем («Реал», Англия құрамасы)
  6. Майкл Олисе («Бавария», Франция құрамасы)
  7. Винисиус Жуниор («Реал», Бразилия құрамасы)

Еске сала кетейік, 2026 жылы «Алтын доп» марапатын тапсыру рәсімі тарихта алғаш рет Парижде емес, Лондонда өтеді. Беделді сыйлықтың жеңімпазы 26 қазанда белгілі болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар