Мемлекет басшысы Черногорияның Мемлекеттілік күніне орай Президент Яков Милатовичті құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен Черногория арасындағы достыққа және өзара құрметке негізделген көпжылдық ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді.
Жеделхатта Черногория көшбасшысының жуырда Астанаға жасаған ресми сапары екіжақты қарым-қатынастар тарихындағы маңызды кезеңге жол ашқаны және кең ауқымды салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүмкіндік бергені атап өтілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев Яков Милатовичтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Черногория халқына құт-береке тіледі.