Алматы облысының Іле ауданында бір қабатты қойма ғимаратынан ірі өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қызыл жалынның көршілес ғимараттарға таралуына жол бермей, өрт ошағынан бес газ баллонын алып шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.
Оқиға 28 қазанда Алматы қаласына жақын орналасқан Іле ауданының Ащыбұлақ ауылдық округінде болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде бір қабатты қойма ғимаратын жалын толық шарпыған.
Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісіп, жақын маңдағы ғимараттарды оттан қорғау шараларын жүргізді.
"Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында тілсіз жаудың көршілес ғимараттарға таралуына жол берілмеді. Сонымен қатар өрт ошағынан 5 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылып, ықтимал жарылыстың алды алынды", – делінген ТЖМ хабарламасында.
Оқиға орнындағы ең қауіпті жағдайлардың бірі қоймада газ баллондарының болуы еді. Құтқарушылар оларды дер кезінде қауіпсіз жерге шығарып, жарылыс қаупінің алдын алды.
ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, өрт толық сөндірілген. Оқиға салдарынан зардап шеккендер жоқ.