"Қайрат" футзал клубы "Семейді" жеңіп, финалдық кезеңдегі есепті теңестірді

/
"Қайрат" футзал клубы "Семейді" жеңіп, финалдық кезеңдегі есепті теңестірді
"Қайрат" футзал клубының баспасөз қызметі

Футзалдан Қазақстан чемпионаты финалдық сериясының төртінші матчында алматылық "Қайрат" өз алаңында "Семейді" жеңді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Матчтағы есепті 7-минутта алаң иелерінің капитаны Біржан Оразов ашты. Ол Эдсонның бұрыштамадан асырған добынан кейін баспен дәл соққы жасады. Екінші таймның ортасында "Семей" қақпашысының сәтсіз сейвінен кейін Лаврати Руиз "Қайраттың" басымдығын арттырды.

Арада үш минут өткенде семейлік шабуылшы Бруно Гомеш бір голды қайтарды. Ол қорғаушы мен "Қайрат" қақпашысын қапы қалдырып, допты төменнен алыс бұрышқа дәл бағыттады. 

Осылайша, "Қайрат" финалдық сериядағы есепті теңестірді – 2:2. Финалдық серияның шешуші бесінші матчы 30 маусымға жоспарланған. Кездесу Семейде өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар