Ақмола облысы Зеренді ауданың прокуратурасы «Зеренді ауданының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ-нің қызметіне жүргізілген тексеріс барысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұсыну кезінде жер заңнамасының талаптарын өрескел бұзу фактілерін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.
Белгілі болғандай, аудан әкімдігінің лауазымды тұлғалары Қазақстан Республикасының Жер кодексі талаптарын бұза отырып, заңды тұлғаларға бау-бақша өсіру үшін жер уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен негізсіз телімдерін ұсынылғаны анықталды. Алайда мұндай жер телімдерінің ұсынылуы тек жеке тұлғаларға ғана тиіс.
Бұдан бөлек, жер телімдері конкурстық рәсімдерді айналып өтіп берілген, сондай-ақ олардың аумағы заңда белгіленген шекті нормалардан бірнеше есе асып кеткен.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша лауазымды тұлғалар жауапкершілікке тартылып, жалпы ауданы 788 гектарды құрайтын, құны 189 млн теңгеден асатын 12 жер телімін мемлекет меншігіне қайтару туралы сот шешімдері шығарылды.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда және аудан прокуратурасының бақылауында тұр.