«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

/
«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті
istockphoto.com

Энергетикалық сусын ішу көп қазақстандық үшін үйреншікті жағдайға айналды. Мектеп оқушылары мен студенттерден бастап жүргізушілер мен кеңсе қызметкерлеріне дейін шаршағанын басып, ұйқысын ашу үшін осы сусындарға жүгінеді. Алайда олардың адамды уақытша сергіткенімен, денсаулыққа тигізуі мүмкін зияны қоғам мен мемлекетті алаңдатуға тиіс, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстанда энергетикалық сусындарды өндіруге, сауда мақсатында елге әкелуге және сатуға толық тыйым салуды ұсынды. Бастама интернет арқылы сатуға және тапсырыспен жеткізуге де тыйым салуды көздейді.

Бірлестік өкілдерінің айтуынша, қазір қолданылып жүрген шектеулер жеткіліксіз. Елімізде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап энергетикалық сусындарды 21 жасқа толмағандарға сатуға тыйым салынды. Ал 2026 жылдан бері бұл өнімге акциз салығы салынады. Дегенмен мұндай шаралар энергетикалық сусындарды сатуды реттегенімен, оларды тұтынатын ересектердің денсаулығына төнуі мүмкін қауіптің алдын толық ала алмайды.

«Энергетикалық сусындарды үнемі ішудің кейінгі зардабы бізді қатты алаңдатады. Оларды жиі тұтыну бедеулікке, қатерлі ісікке, жас кезде инфаркт алуға, тіпті өмір жасының қысқаруына әкелуі мүмкін деген қауіп бар», – деді «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Күзембай бейнеүндеуінде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл
Жаңалықтар