Футзалдан "Қайрат" клубының жаңа бас бапкері тағайындалды

/
Футзалдан "Қайрат" клубының жаңа бас бапкері тағайындалды
instagram.com/afckairat

Алматылық футзал клубы "Қайрат" бразилиялық маман Густаво Парадеданың бас бапкер қызметіне тағайындалғанын ресми түрде хабарлады, деп жазады turkystan.kz.

Клуб мәліметінше, жаңа бапкермен келісімшарт үш жылға есептелген.

"Густаво – "Қайраттың" рухын толық сезінетін адам. Ол көп жыл бойы клубтың бір бөлшегі болды: әрі ойыншы, әрі маман ретінде еңбек етті. Оның бойында нағыз қайраттық мінез бен жеңімпаз рух бар. Өткен маусымда ол команданы өте қиын кезеңде қабылдап, чемпиондыққа жеткізді. Біз оған толық сенеміз және клубтың болашағын сонымен байланыстырамыз", – деді "Қайрат" президенті Қайрат Оразбеков.

Густаво Парадеда 2004-2009 жылдары алматылық «Қайрат» сапында өнер көрсеткен. Командамен бірге футзалдан УЕФА кубогының қола жүлдегері атанып, клубтың алғашқы еуропалық марапаттарына қол жеткізді.

Соңғы жылдары бразилиялық маман клуб құрылымында негізгі команда мен академияның спорт директоры қызметін атқарды. Ал өткен маусымда плей-офф кезеңі алдында "Қайратты" қабылдап, команданы Қазақстан чемпиондығына бастап барды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары