Disney өз қызметкерлерін ЖИ қолдануға мәжбүрлейді – Fortune

/
Disney өз қызметкерлерін ЖИ қолдануға мәжбүрлейді – Fortune
cурет: istockphoto.com

The Walt Disney Company-де жасанды интеллектіні пайдалану жаңа жұмыс стандартына айналып барады. Бейресми мәліметтерге сүйенсек, компанияда енді қызметкерлердің нейрожелілерді қаншалықты жиі қолданатыны бақылауға алынған, деп хабарлайды turkystan.kz Fortune-ге сілтеме жасап.

Егер қызметкер ЖИ құралдарын қолданбаса немесе сирек пайдаланса, менеджерлер одан түсініктеме жазуды талап етуі мүмкін. Бұл – цифрлық құралдарды жұмыс процесіне енгізуді жеделдетуге бағытталған қадам.

Компания ішінде арнайы жүйелер арқылы әр қызметкердің ЖИ-мен жұмыс істеу белсенділігі көрініп тұратыны айтылады. Осылайша басшылық өнімділікті арттыру және процестерді автоматтандыруды көздейді.

Сарапшылардың пікірінше, бұл – еңбек нарығындағы жаңа трендтің белгісі. Жасанды интеллектіні қолдану енді артықшылық емес, міндетке айналып келеді.

Айта кету керек, кейбір елдерде талап бұдан да қатаң. Мысалы, Қытайдағы бірқатар компанияларда ЖИ құралдарын пайдаланбаған қызметкерлер жұмыстан шығарылуы мүмкін деген ақпарат бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары