Жомарт болу адамды бақытты етеді – зерттеу

/
Жомарт болу адамды бақытты етеді – зерттеу
сурет: istockphoto.com

Жомарт болу адамның өзін бақытты сезінуіне тікелей әсер етеді. Мұндай қорытынды 2017 жылы халықаралық зерттеушілер тобы жүргізген ғылыми жұмыста айтылды, деп хабарлайды turkystan.kz Daily Mail басылымына сілтеме жасап.

Зерттеу барысында ми қызметі functional magnetic resonance imaging әдісі арқылы бақыланған. Нәтижесінде жомарттыққа жауап беретін нейрондар белсенген кезде, бақыт сезімімен байланысты мидың вентральды стриатум аймағы да қатар іске қосылатыны анықталған.

Экспериментке Швейцариядан 50 ерікті қатысқан. Әрқайсысына төрт апта бойы аптасына 25 швейцар франкі берілген. Қатысушыларға осы ақшаны өз қалауынша, өзіне немесе басқа адамдарға жұмсау ұсынылған. Тәжірибе кезінде еріктілерге белгілі бір соманы (3-тен 25 франкке дейін) басқа адамдарға сыйлық ретінде беру туралы шешім қабылдау тапсырмасы берілді. Осы сәтте олардың ми белсенділігі тіркеліп отырған. Нәтижесінде ақшасын басқаларға жұмсауға ниет білдірген қатысушылардың жомарт әрекетке бейімділігі жоғары болғаны байқалды. Сонымен қатар, дәл осы топ өздерін бақылау тобымен салыстырғанда әлдеқайда бақытты сезінетінін айтқан.

Зерттеу авторларының айтуынша, жомарттық – тек моральдық қасиет қана емес, ол адамның психологиялық әл-ауқатын жақсартатын нақты биологиялық механизмдермен де байланысты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар