Бүгін Астанада он екі қабатты тұрғын үйде пәтер өртенді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Тұрғын үй Есіл ауданындағы Бұқар жырау көшесінде орналасқан.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер өртпен күресіп жатыр. 7-қабаттағы пәтерде қою түтін байқалады.
«Өрт сөндіру оқпандары дереу берілді, өртті толық сөндіру үшін барлық шаралар қабылдануда. Судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді. Тұрғындарды эвакуациялау жүргізілуде», – делінген ТЖМ хабарламасында.
Құтқарушылар 10 адамды эвакуациялады.
Нақтыланған мәлімет бойынша, ас үй бөлмесінде тұрмыстық техника, үй заттары мен жиһаз жанған.