Ақмола облысындағы өрт кезінде құтқарушылар құлынды аман алып қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Қызылсуат ауылы маңында құрғақ шөп өртенген. Өртті сөндіру барысында астаналық құтқарушылар шұңқырға түсіп кеткен құлынды байқап қалған.
Мамандар жануарды жедел түрде шығарып, қауіпсіз жерге жеткізген.
"Оқиға орнында Астана қаласы мен Ақмола облысының ТЖД бөлімшелері жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге 73 қызметкер мен 8 техника жұмылдырылған", – деп хабарлады ТЖМ.
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер ашық аумақтағы жалынды ауыздықтау жұмыстарын жалғастырып жатыр.