«Ордабасы» – «Атырау» арасындағы ойынға төрелік еткен төреші матчтардан шеттетілді

«Ордабасы» – «Атырау» арасындағы ойынға төрелік еткен төреші матчтардан шеттетілді
Фото: kff.kz

Қазақстан футбол федерациясы төрешілер Санжар Ысқақов пен Татьяна Сорокопудованың ұлттық жарыстар аясындағы матчтарға қызмет көрсетуден уақытша шеттетілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Бұл шешім Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында жіберілген бірқатар өрескел әрі маңызды қателіктерге байланысты қабылданды. Аталған қателіктер екі командаға да әсер етті", – делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 4 сәуірде Шымкентте «Ордабасы» – «Атырау» арасындағы ойын 1:1 есебімен аяқталған-тын. Алайда екі команданың жанкүйерлері де төреші Санжар Исақовтың жұмысына наразылық білдірді. Жанкүйерлер «Атырау» командасы соққан голдың есепке алынбағанын әділетсіз деп есептеп, одан бөлек, негізгі уақытқа қосылған 10 минут ішінде «Ордабасының» есебіне пенальти белгіленгеніне де қарсылық білдірген еді.

Қазақстан футбол федерациясы Төрешілік және қадағалау департаментінің директоры Нуну Каштру Премьер-лиганың 4-туры матчтарындағы кейбір ойын сәттеріне қатысты түсіндірме беріп, төрешілер мен VAR тарапынан жіберілген үш негізгі қателікті растаған-тын. Ол аталған ойындағы пизодты қайта қарағаннан кейін голды офсайд деп есептемеу, пенальти тағайындау қорытынды шешімі, ойыншыны алаңнан қуу шешімі қате деген шешімге келді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар