Жәмила Бақбергенова Астанадағы әлем чемпионатында жүлдесіз қалды

/
Жәмила Бақбергенова Астанадағы әлем чемпионатында жүлдесіз қалды
uww.org

Қазақстандық танымал балуан Жәмила Бақбергенова Астанада өтіп жатқан күрестен әлем чемпионатын бесінші орынмен аяқтады. Отандасымыз қола медаль үшін өткен шешуші белдесуде жапониялық қарсыласына есе жіберді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әйелдер күресінен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Жәмила Бақбергенова үшінші орын үшін Жапония өкілі Махиро Ешитакемен кездесті.

Тартысты өткен белдесуде қарсыластар бір-біріне ұпай бермеуге тырысқанымен, шешуші сәттерде жапониялық спортшы басымдық танытты.

Нәтижесінде кездесу 6:4 есебімен Махиро Ешитакенің пайдасына аяқталды. Осылайша, қазақстандық балуан қола жүлдеге бір қадам жетпей тоқтап, әлем біріншілігінде бесінші орын иеленді.

Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова – Қазақстан әйелдер күресінің тәжірибелі әрі титулды өкілдерінің бірі. Ол бұған дейін әлем чемпионаттарында үш рет күміс, бір рет қола медаль жеңіп алған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары