Қазақстандық семсерлесуші жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды

/
Қазақстандық семсерлесуші жастар арасындағы Азия чемпионатында топ жарды
Фото: ҰОК

Қазақстандық Кирилл Проходов 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында шпагамен семсерлесуден жекелей сында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Шешуші сында Проходов Гонконг өкілі Вонг Пак Юмен кездесіп, 15:12 есебімен жеңіске жетті.

Бұған дейін ол топтық кезеңдегі алты кездесудің бесеуінде ұтып, кейін плей-офф сатыларынан да сүрінбей өткен болатын.

1/16 финалда Проходов макаолық Сунг Ка Вингті 15:8 есебімен жеңді. Қазақстандық спортшы үшін келесі жекпе-жек аса тартысты өтті: ол Қырғызстан өкілі Даниил Лепиховтан небәрі бір ұпай айырмашылығымен (15:14) басым түсті.

Ал ширек финалда Проходов Қазақстанның тағы бір өкілі Георгий Тинниковпен кездесіп, 15:9 есебімен ұтты, ал жартылай финалда тағы бір қырғызстандық спортшы Барсбек Райымбековтен 15:10 есебімен айласын асырды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары