Түркістанға Баянауыл қарағайы егілді

/
Түркістанға Баянауыл қарағайы егілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тазару күніне» орай жасаған үндеуі еліміздің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасының жаңа кезеңін ашты. Бұл – қоғамды жаңа сапаға көтеретін, азаматтық жауапкершілікті күшейтетін, ұлттың ішкі мәдениетін жаңғыртатын, санасының деңгейін айқындайтын маңызды қадам. Тазалық – тек айналаны ретке келтіру емес, ол – ойдың, ниеттің, жауапкершіліктің тазалығы. Бұлақ көзін ашу, ағаш егу, өзен-көлдерді, аулалар мен саябақтарды тазарту – бұл келер ұрпаққа қалдыратын аманатымыз, туған жерге деген құрметіміз.

Жаңа Халық Конституциясында та­би­­­­ғат­қа жанашырлықпен қарау ұлт­тық құн­ды­лық ретінде айқындалуы – бұл бағыт­та­ғы жүйелі саясаттың айғағы. Мемлекет бас­­­­­­шысы жуырда ғана Түркі­стан облы­сы­ның халқымен кездесуінде: «…Қоғамымызға жа­лаң ұран, бос әңгіме, құр­ғақ уәде, қызыл сөз керек емес, нақ­ты іс қажет. Отаншылдық дегеніміз – әдемі сөз сөйлеп, жұрт алдында керемет бо­лып көріну емес, бұл – ең алды­мен ел­ге пайда әкелу, Отанға деген адал­дық­ты нақты іспен көрсету» деген болатын. 
Осы үрдістен шығу мақсатымен киелі Түр­кістан төрінде елдік рухты ас­қақ­татып, ұлттың табиғатқа жана­шыр көзқарасын ай­шықтаған тағылы­мы зор игі іс-шара өтті. Қа­сиетті Бая­н­ауыл өңірінің жұртшылығы аты­нан рухани астанамыз Түркістанға 50 түп қара­ғай көшеті тарту етіліп, арнайы оты­р­ғызылды. Ауқымды экологиялық ак­ция Түркістан облысы бойынша Эко­но­­микалық тергеп-тексеру департамен­тінің басшысы, руханият жанашыры Ерболат Балғабаевтың ұйымдас­тыруы­мен, Мемле­кет басшысының эколо­гия­лық мәдениетті қалыптастыруға ба­ғыт­талған бастамасын жүзеге асыру мақ­са­тында, республикалық «Таза Қазақстан» жо­басы мен «Мөлдір бұлақ» акциясы ая­сында өткізілді.
Түркістанда егілген 50 түп қара-
ғай – жай ғана көшет емес. Бұл – Бая­н­ауыл­дың қасиетті топырағынан жет­кен, ата-баба­лары­­­­мыздың  аманаты. 
Бұл – ел мен жерді, тарих пен болашақ­ты, рух пен жауап­кер­ші­лікті жалғаған та­ғылымды белгі. Бұл – өңірлік деңгей­дегі іс-шара емес, ұлттық са­наға қызмет ететін өнегелік нышаны бар игі­лікті іс. Сырт­тай қарағанда қарапайым кө­рін­генімен, мазмұны терең, мәні биік, ұлт санасын тәрбиелейтін мемлекеттік маңы­зы бар символдық қадам. Өйткені ағаш отырғызу – жерге тамыр жіберу ға­на емес, елдікке, бірлікке, болашаққа деген се­нім­ді бекіту.
Игі іс-шарада Павлодар облысынан бар­­ған делегация атынан Баянауыл жұрт­­шылығының шынайы сәлемін, ыс­тық ықыласын Түркістан халқына  Се­нат депу­таты Алтынбек Нұхұлы жет­кіз­ді. Тарту етілген қарағай көшеттері Түр­­кістандағы саябақты үлкейтіп, сал­танатты түрде ар­найы мрамордан жа­сал­ған естелік тақ­тайша­ның («Рухани ас­танамыз Түркістанға Баянауылдың топырағынан тарту» деген сөздер ойып жазылған) тұсаукесерін Павло­дардан осы шара үшін арнайы келген делегация өкіл­дері кесті. Іс-шараға Түр­кі­стан қа­ласының әкімі Әзімбек Пазыл­бек­ұлы, Пав­лодар облысынан барған делегация мү­шелері, сондай-ақ Түркістан елінің қо­­ғам белсенділері, еріктілер, жастар қа­ты­сып, бір-бір түп ағаштан отыр­ғыз­ды. 
Республика көлемінде осындай дең­гей­­дегі алғаш рет өткізіліп отырған бұл іс-шара – уақыт өте келе биікке бой созатын ағаш­тармен бірге, елдік ниеттің де, аза­мат­тық жауапкершіліктің де, ұр­паққа қала­тын өнегенің де қатар өсе­тінін білдіретін ерек­ше нышан. Түркі­стан – қазақ рухының алтын бесігі. Баянауыл – қазақ даласының текті та­мыры. Осы екі киелі кеңістіктің та­биғат арқылы тоғысуы – тарихтың са­бақ­­­тас­тығын, елдіктің тұтастығын, ұлт ру­хы­ның бірлігін білдіретін тағылымды дү­ние. Бүгін егілген қарағайлар ертең кө­лең­ке береді. Ал бүгін жасалған осындай игі істер ертең елдің рухани көлеңкесіне, ұлт­тық сананың саясына айналады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары