Месси мен Роналду "бірге ойнады": Әлемдік футбол жұлдыздары жанкүйерлерді таңғалдырды (ВИДЕО)

/
Месси мен Роналду "бірге ойнады": Әлемдік футбол жұлдыздары жанкүйерлерді таңғалдырды (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Даниялық LEGO компаниясы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына арналған жаңа жарнамалық ролик ұсынды. Онда Криштиану Роналду, Лионель Месси, Килиан Мбаппе және Винисиус Жуниор секілді әлемдік жұлдыздар бой көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Компания алдағы мундиаль қарсаңында жаңа конструкторлар сериясын шығаруды жоспарлап отыр. Бұл жолы жанкүйерлерге танымал футболшылардың жеке LEGO жинақтары ұсынылады.

Жарнамалық роликте ойыншылар өздерінің кішкентай фигураларын ойыншық әлем кубогының үстіне қоюға тырысады. Алайда әр жолы бастаманы басқа футболшы іліп әкетіп, қызықты бәсеке қалыптасады.

Айта кетейік, бұған дейін Месси мен Винисиус жанкүйерлердің қызығушылығын арттыру үшін LEGO-дан жасалған әлем кубогын құрастырып көрсеткен болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар