Стив Джобс киімінің бір бөлігі: Apple-дің 50 жылдығына орай ерекше iPhone шығады

/
Стив Джобс киімінің бір бөлігі: Apple-дің 50 жылдығына орай ерекше iPhone шығады
сурет: caviar.global

Apple компаниясының 50 жылдығына орай ерекше смартфон таныстырылды. Бар болғаны 9 дана ғана шығарылған iPhone-ның әрқайсысы 8 430 доллар тұрады, деп хабарлайды turkystan.kz caviar.global-ға сілтеме жасап.

Ең қызығы – құрылғының ішінде Стив Джобс киген әйгілі қара водолазканың кішкентай бөлігі орналастырылған. Бұл элемент арнайы өңделіп, смартфон дизайнына енгізілген.

Өндірушілер әр құрылғымен бірге түпнұсқалығын растайтын сертификат та ұсынады. Яғни сатып алушы бұл шынымен Джобсқа тиесілі зат екеніне күмәнданбайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары