Адам салған ең көне сурет табылды

/
Адам салған ең көне сурет табылды
сурет: Max Aubert

Ғалымдар адамзат тарихындағы ең көне өнер туындысын анықтады. Гриффит университеті зерттеушілерінің мәліметінше, Индонезия аумағындағы үңгірден табылған қол ізі шамамен 67 800 жыл бұрын салынған. Зерттеу нәтижелері Nature журналында жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Табылған сурет – трафарет тәсілімен жасалған қолдың ізі. Оның пішіні ерекше, саусақтары тырнаққа ұқсас болып бейнеленген. Археологтардың пікірінше, мұндай бейнелеу кездейсоқ емес және ежелгі адамдардың алғашқы рухани немесе мистикалық түсініктерін көрсетуі мүмкін.

Ғалымдар бұл жаңалықтың маңызы зор екенін атап өтеді. Біріншіден, ол адамзатта символдық ойлау әлдеқайда ерте қалыптасқанын дәлелдейді. Екіншіден, көне адамдардың көшу бағыттары туралы түсінікті өзгертеді. Атап айтқанда, бұл дерек адамдар Австралия құрлығына кемінде 65 мың жыл бұрын жеткен болуы мүмкін деген теорияны күшейтеді.

Бұған дейін өнердің пайда болуы кейінгі кезеңдерге тиесілі деп есептеліп келген. Ал жаңа табылған қол ізі адам санасының эволюциясы біз ойлағаннан әлдеқайда жылдам жүргенін көрсетеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары