“Ауылда тұратындар бізден де бақытты” – Әнші Ердос Қанаев қаланың шуынан шаршағанын айтты

/
“Ауылда тұратындар бізден де бақытты” – Әнші Ердос Қанаев қаланың шуынан шаршағанын айтты
ашық дереккөз

“Жігіттер” квартетінің әншісі Ердос Қанаев әлеуметтік желіде ауылдағы ағайынның тыныс-тіршілігі жайлы видео жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші ауылын сағынып жүргендерге арнап жазба жариялады.

“Иә. Кешегі ауылда түсірген видеом көп адамдардың ауылға сағынышын оятқан екен. Шіркін ауыл. Қара шаңырақ. Бұл сөздер ауылдың топырағына аунап, суына түсіп, уайымсыз балалық шағын өткізген әр жанға қасиетті ұғым. Сананы тұрмыс билемегенде ешқасысымыз бұл қасиетті мекеннен кетпес едік, иә?! Сол үшін шығар Шымберген шайырдың: “Ауылдан адам кеткенмен, адамнан ауыл кетпейді" дегені. Айтпақшы көп адам ауылыңыз қайсы ауыл деп жазған екен.
Менің ауылым Түркістан облысы, Ордабасы ауданы, Шұбар ауылы. (Шұбарсуға қатысы жоқ) Ал сіздің ауылыңыз қайсы ауыл? Ауылы барлар ауылымызды жазып кетейік…” – деп әнші.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары