"Арманым еді": Паралимпиадада қола жүлдегер атанған Ербол Хамитов халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)

/
"Арманым еді": Паралимпиадада қола жүлдегер атанған Ербол Хамитов халықтан кешірім сұрады (ВИДЕО)
Паралимпиада комитеті

Бұл күндері Италияда өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында жүлдегер атанған Ербол Хамитов халықтан кешірім сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

"Ассалаумағалейкум! Паралимпиадада ойындарында көк туымызды биікке көтеру менің арманым еді. Аллаға шүкір, біз бүгін қола жүлдеге ие болдық. Екі ай бұрын Мемлекет басшысы маған еліміздің туын табыстады. Бұл маған үлкен жауапкершілік болды. Сондай-ақ барша Қазақстан халқынан Әнұранымызды шырқата алмағаным үшін кешірім сұраймын! Мені қолдаға барша қазақстандықтарға алғыс білдіремін", - деді Ербол Хамитов.

Айта кетейік, 2026 жылғы қысқы Паралимпиада ойындарында ел қоржынына алғашқы медальді Ербол Хамитов салды. Ол шаңғы жарысында (отырып жарысу) үздік үштікке еніп, қола жүлдегер атанды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар